«Е-Saqtandyry» АЖ қысқа мерзімде әзірленіп іске қосылды және Қордың негізгі қызметін цифрландыру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жаңа ақпараттық жүйемен не өзгерді? Қордың медициналық көмекке ақы төлеудің жаңа жүйесі медициналық ұйымдармен шарттық қатынастарын жүргізу процестерін оңтайландыру және медициналық көмекті үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Бұрын Қордың жеке төлем жүйесі болмаған, тек медициналық көмекті тұтынуды есепке алу жүйесі болған. Бұл медициналық көмекті қаржыландырудың кешігуіне әкелді.

«Saqtandyry» АЖ енгізу медициналық ұйымдарға шарттарды басқару процесін жеңілдетеді. Егер бұрын медициналық ұйымдар әртүрлі ақпараттық жүйелерде шарттар мен төлем құжаттарын (МӘМС және ТМККК бойынша бөлек) қалыптастырған болса, қазір «е-Saqtandyry» жаңа жүйесін енгізудің нәтижесінде, бұл процесс бір ақпараттық жүйеде бір шартқа дейін жеңілдетілді.
Іске асырудың алғышарттары 2024 жылғы 1 қаңтарда Қор төлем құралдарынсыз қалып, Қордың негізгі міндеттерін уақтылы орындау үшін үздіксіз жұмыс істемеу қаупі туындады. Сондықтан 2024 жылдың басынан бастап Қор штаттық ақпараттық технология мамандарының күшімен «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде төлем функционалын әзірлеуге кірісті.

Осы жылдың наурыз айында ақпараттық жүйелердегі пысықтауларға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қордың басшылығы аванс мөлшерін стандартты 30%-дан 70%-ға дейін, ал жаңа медициналық қызмет көрсетушілер үшін – 30%-ға дейін ұлғайту жөнінде бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады (бұрын жаңа ұйымдар үшін аванс төленбеген, аванс төлеу мүмкіндігін жасау үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді).

Сондай-ақ, «е-Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде өте қысқа мерзімде медициналық ұйымдармен шарттар жасасу бойынша функционалы пайдалануға берілді. «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінің төлем модулі 2024 жылғы 17 мамырда іске қосылды және бүгінгі күні денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілген медициналық көмек үшін ағымдағы жылдың мамыр айы кезеңінде төлем жүргізілуде.
Қазір медициналық көмек қалай төленеді? Қор 2024 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан бері медициналық ұйымдарға аванспен қоса есептегенде 1,4 трлн теңгеге жуық қаржы төледі. Қазіргі уақытта 2024 жылғы мамыр кезеңі үшін нақты көрсетілген медициналық қызметтерге төлемдер жүргізілуде.

20 тамыз жағдайы бойынша 1936 медициналық ұйымға қаңтар-маусым айларында көрсетілген қызметтер үшін 539,1 млрд теңге төленді.

Медициналық ұйымдарды қаржыландыру көлемі жыл басынан бері амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, 1 трлн 455 млрд теңгені құрағанын атап өткім келеді. Яғни, бұл жылдық қаржыландыру көлемінің жартысынан көбін құрап отыр. ТМККК қаражатының уақтылы түсіп отыруы жағдайында Қор нақты көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр.
20.08.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу